Инженерлік менеджмент магистрі

◄ Go back

Онлайн тіркеу мерзімі:  

Ерте тіркелу: 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу тегін. 

Стандартты тіркелу: 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек. Тіркеу жарнасы бағдарламаға байланысты.


Үміткерлерге арналған негізгі талаптар:

1. Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже);

Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.

2. CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;

3. Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі

Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:  

1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

2) Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

3) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: 

- ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

4. Математикалық қабілеттіліктерін Мектеп ұйымдастырған тест нәтижелері арқылы көрсетуі. GRE немесе GMAT тест нәтижелерін ұсынған үміткерлер математикалық тестті тапсырудан босатылуы мүмкін;

5. Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

6. Түйіндеме;

7. Екі ұсыным-хат болуы қажет.


Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:

1. Толтырылған онлайн сауалнама;

2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);

3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);

4. Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы; 

Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.

5. Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;

6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін)

Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.

7. Түйіндеме (екі беттен аспайтын);

8. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE/GMAT сертификаты (бар болған жағдайда);

9. Негіздеме хат (бір беттен аспайтын); 

10. Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Кемінде бір ұсыным-хат академиялық тұрғыдан болуы шарт;

11. Үміткердің жеке деректерін өңдеуге келісімі.


Маңызды ақпарат:

Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс.


Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.


Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.


Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.


Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.


Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.


Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:

GRE - 6496

TOEFL – 6762

GMAT–H6m-R7-93

 

 Инженерия мектебі және бағдарламалар туралы осы сайтында көбірек біліңіз: https://seng.nu.edu.kz/admissions/masters/

◄ Go back