Магистратура

Магистратура бағдарламасы

Магистратура бағдарламасын Назарбаев Университетінің жеті Мектебі ұсынады: Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Жоғары білім беру мектебі, Жоғары бизнес мектебі, Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Ғылым және технологиялар мектебі, Инженерия мектебі және Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі.

Сондай-ақ, магистратура бағдарламасы “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” бағдарламасында оқуға мүмкіндік береді.

«Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасы – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратура бағдарламаларына тікелей түсуге қойылатын тілдік талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті студенттерге арналған интенсивті ағылшын тілі мен басқа да пәндік курстарды қамтитын екі семестрлік күндізгі бағдарлама.