Магистратура / Резидентура

Магистратура бағдарламасы

Магистратура бағдарламасын Назарбаев Университетінің жеті Мектебі ұсынады: Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Жоғары білім беру мектебі, Жоғары бизнес мектебі, Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Ғылым және технологиялар мектебі, Инженерия мектебі және Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі.

Сондай-ақ, магистратура бағдарламасы “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” бағдарламасында оқуға мүмкіндік береді.

«Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасы – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратура бағдарламаларына тікелей түсуге қойылатын тілдік талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті студенттерге арналған интенсивті ағылшын тілі мен басқа да пәндік курстарды қамтитын екі семестрлік күндізгі бағдарлама.

 

Назарбаев Университетінде білім беру қызметтерін көрсету талаптарымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.

 

Назарбаев Университет ағылшын тілі курстарын және халықаралық стандартталған тесттерін (IELTS, SAT, TOEFL, GRE) тапсыруға дайындық курстарын  өту үшін мүмкіндігін ұсынады. Толық қосымша ақпарат осында.