Магистратура

Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар

Назарбаев Университеті Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағдарламалары әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласында жан-жақты білімі бар, әлеуметтік дамудың барлық мәселелерінде көш басында болатын мамандарды даярлауға бағытталған. Мектеп студенттерді олардың қандай кәсіпті таңдағанына қарамастан, өмірі мен мансабында кездесетін зияткерлік мәселелерді шешуге үйретеді. Мектеп ең өзекті мәселелер бойынша жалпы көпшілікке ашық сан алуан семинарларды.

Құжаттарды тапсыру

Ғылымдардың ауқымды аясын қамтитын, әр түрлі жеті пән саласында бағдарламаларын ұсынып отырған Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі Университеттің ірі мектептерінің бірі болып табылады. Стратегиялық серіктесі Висконсин-Мэдисон Университетімен (АҚШ) ынтымақтаса отырып Мектеп өзінің зияткерлік базасын кеңейтуді жалғастыруда. Мектеп зерттеулер мен оқытып-үйрету саласындағы өздерінің мол білімімен және бай тәжірибесімен жомарттықпен бөлісетін өз оқытушыларының білімі мен тәжірибесіне сүйенеді. Мектеп елдің дамуына көмек көрсету мақсатында Қазақстанның әлеуметтік капиталын дамытудағы Университеттің миссиясын басшылыққа алады. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі Еуразиялық зерттеулердегі Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистратурасы, Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистратурсы және Экономика саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистратурасы және Экономика саласындағы магистратурасы бағдарламаларын ұсынады.