Магистратура / Резидентура

Іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына құжаттарды тапсыру

Іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына құжаттарды тапсыру


Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі "Іскери әкімшілендіру магистрі" бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың стандартты* және соңғы* ұсыну түрлерін жариялайды.


* Соңғы ұсыну мерзімі  - 2019 жылдың 28 маусымына (Астана уақыты бойынша 23:59) дейін


Кестеде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, растайтын құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі ұзартылмайтынын ескеріңіз.


ALEKS тесті кестеде көрсетілген мерзімдерге сәйкес университетте өткізіледі. Біз үміткерлерді емтихан күнін ала ала жоспарлауды сұраймыз.  

* тіркеудің соңғы мерзіміне тапсырған үміткерлерге қаржыландырудың минималды нұсқалары ұсынылатынына назар аударыңыз.


Іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасыҚұжаттарды ұсыну мерзімі (2019 жыл)ALEKS тестілеу күндері (2019 жыл)IELTS/TOEFL (2019 жыл) нәтижелеріИнтервью периоды (2019 жыл)Шешім қабылданады (2019 жыл)
Соңғы ұсыну мерзімі28 маусым 

20 мамыр

19 маусым

2 шілде

Тестілеу 22 маусымға дейін өтілуі қажет  


Тестілеу нәтижелері 4 маусымға дейін ұсынылуы қажет 

Мамыр - Маусым11 шілде

IELTS/TOEFL/GRE сертификаттарды mba.admissions@nu.edu.kz, msf.admissions@nu.edu.kz немесе graduate.gsb@nu.edu.kz электрондық поштаға жіберуіңіз қажет.


Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) Іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына оқуға түсу үшін төменде көрсетілген құжаттардың толық тізімін тапсыру қажет.

 

Құжаттарды тапсыру үшін үміткерлер 30 000 теңге көлемінде (ALEKS тестінің құнымен қосқанда) төлем жасаулары тиіс. Құжаттарды қарастыру бойынша төлем ақысы қайтарымсыз. 

 

Жоғары бизнес мектебінің Іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына оқуға түсетін үміткерлердің:

 

  1. Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады
  2. Үміткердің (бакалавр, магистр немесе PhD) бір білім дәрежесі бойынша ең төменгі GPA балы 4.00-ден 2.75-тен төмен емес.
  3. Жұмыс өтілі (болғаны жақсы).
  4. Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:  

    1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
    2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: 
      • - ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

      • - ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

5. Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE/ GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша);
6. Жеке эсседе көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық болуы қажет.


Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:

  1. Толтырылған онлайн сауалнама (cауалнаманы www.admissions.nu.edu.kz сайттан табуға болады);
  2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  4. Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  5. НУЖБМ негізінде өткізілетін ALEKS тестінің нәтижесі (немесе GMAT, GRE сертификаттары);
  6. Үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (ағылшын тіліне аудармасымен).
  7. Ағылшын тілінде екі эссе. Эссе сұрақтары онлайн сауалнамада беріледі;
  8. Ағылшын тіліндегі түйіндеме – бір бетте;
  9. Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;
  10. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет. 
  11. Жұмыс өтілін куәландыратын құжат; 
  12. Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс);
  13. Үміткердің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:


GRE - 6496

TOEFL – 6762

GMAT - H6m-R7-93


Маңызды ақпарат:


  • Кандидат өзінің зияткерлік деңгейін көрсетуі керек (бұрынғы академиялық жетістіктері бағаланады, эссе) және басшылық мүмкіндіктері (мектептен кейінгі, азаматтық және қоғамдық жұмыстағы жетістіктері, қызмет ету тарихы және ұсыныстар қарастырылады).
  • Назар аударыңдар, минималды талаптар автоматты қабылдауды білдірмейді.
  • Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс.
  • Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.
  • Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.
  • Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.
  • Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.
  • Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.



Арайлым Магауина

Қабылдау бойынша аға менеджер

e-mail: arailym.magauina@nu.edu.kz 

тел. +7 (7172) 70 91 74


Гульмира Койсоймасова

Қабылдау бойынша

e-mail: gulmira.koisoimassova@nu.edu.kz 

тел. +7 (7172) 70 90 28


Данагуль Толеубаева

Қабылдау бойынша маман

e-mail: danagul.toleubayeva@nu.edu.kz 

тел. +7 (7172) 70 90 28


Толығырақ ақпарат

◄ Go back