Магистратура

Жоғары бизнес мектебі

Назарбаев Университеті ғылымды, білімді және ұлттық экономиканы дамыта алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мақсатымен құрылды. Университеттің мұраты – Қазақстан Республикасының білім мен ғылым жүйесінің озық дамуын және халықаралық деңгейге шығуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Астана қаласының Еуразия орталығының ғылым мен білім орталығы ретінде қалыптасуына септесу. Бұл мұратын жүзеге асыру үшін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (ЖБМ) Дьюк Университетінің Фукуа бизнес мектебімен (АҚШ) серіктесе отырып Астана қаласында әлемдік стандарттарға сәйкес халықаралық деңгейдегі бизнес мектебін құру мақсатын қойып отыр. Солтүстік Каролина штатының Дарем қаласында арналасқын Фукуа бизнес мектебі дүние жүзіне әйгілі бизнес мектептер қатарына жатады және оқыту сапасы жағынан бірінші, ал күндізгі MBA бағдарламасы бойынша алтыншы орында (Business Week 2012 рейтингіне сәйкес). Мектептің Лондонда, Дубаиде, Нью-Делиде, Шанхайда және Санкт-Петербургте орналасқан филиалдар желісі бар. Фукуа бірінші болып жұмыс істейтін мамандарға арналған 3 MBA бағдарлама, сондай-ақ MMS бағдарламасын ашқан болатын. Екі мектеп арасындағы тығыз қарым-қатынас Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің басқару қабілетін, сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруына әсерін тигізеді. Ынтымақтастықтың аса маңызды мақсаттарының бірі – бизнес саласындағы келешек көшбасшыларын дайындайтын жоғары сапалы МВА бағдарламаларын ашу, сондай-ақ ЖБМ кадрлық және ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру.

Executive MBA бағдарламасына құжаттарды тапсыру

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына құжаттарды тапсыру үшін төменде көрсетілген құжаттарды қамтитын толық өтінішті тапсыру қажет.

Full-Time MBA бағдарламасына құжаттарды тапсыру

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына оқуға түсу үшін төменде көрсетілген құжаттардың толық тізімін тапсыру қажет.

Қаржы ғылымдары магистрі бағдарламасына құжаттарды тапсыру

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) Қаржы ғылымдары магистрі бағдарламасына оқуға түсу үшін төменде көрсетілген құжаттардың толық тізімін тапсыру қажет.