Магистратура

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) миссиясы адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқып үйрету болып табылады. Осы мақсатқа жету үш біз саясат пен көшбасшылықтың негізгі мәселелеріне баса назар аудара отырып, оқытудың, зерттеулер жүргізу мен басшы кадрлардың біліктілігін арттырудың жоғары деңгейін ұсынамыз.

2012 жылы ЖМСМ ашылған сәттен бастап Сингапур Ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестікті қолдап келеді. Біз бірлесіп ЖМСМ -нің Орталық Азиядағы таңдаулы мемлекеттік саясат мектебі ретінде орнығуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. ЖМСМ білім беруде Орталық Азиядағы инновациялық және озық магистратура бағдарламаларын ұсыну үшін ғылыми зерттеулерді қамтиды.

ЖМСМ бағдарламалары мемлекеттік саясат саласындағы магистратураны, мемлекеттік басқару саласының магистратурасын, мемлекеттік саясат саласындағы докторантураны қамтиды. Мемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ жеке бизнестің мамандары қатарынан шыққан біздің студенттердің магистратура бағдарламалары бойынша 2-3 апта және докторантура бағдарламалары бойынша 3 айға дейін Сингапурда білім алу мүмкіндігі бар.

ЖМСМ мемлекеттік қызметті реформалау, мемлекеттік қызметті жаңғырту, табиғи ресурстарды басқару, мемлекеттік саясатты талдау саласындағы зерттеулерге, Қазақстанда және одан тыс жерлерде мемлекеттік саясат/басқарудың кең ауқымды мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарды ақпараттық ілгерілетуге және консультациялар беруге белсенді қатысады.

«Мемлекеттік басқару магистрі» бағдарламасына оқуға қалай түсуге болады

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің «Мемлекеттік басқару магистрі» (MPА) бағдарламасы бойынша оқуға түсетін үміткерлердің мемлекеттік мекемелерде, ұлттық компанияларда, үкіметтік емес ұйымдарда, халықаралық ұйымдарда, шетел компанияларда немесе мемлекеттік сектормен өзара қатынаста жұмыс атқаратын жеке компанияларда үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Кейбір ерекше жағдайларда жұмыс тәжірибесі жоқ, бірақ үздік академиялық үлгерімі бар үміткерлердің өтініштері қарастырылуы да мүмкін.

«Мемлекеттік саясат магистрі» бағдарламасына оқуға қалай түсуге болады

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің «Мемлекеттік саясат магистрі» (MPP) бағдарламасы бойынша оқуға түсетін үміткерлердің мемлекеттік мекемелерде, ұлттық компанияларда, үкіметтік емес ұйымдарда, халықаралық ұйымдарда, шетел компанияларда немесе мемлекеттік сектормен өзара қатынаста жұмыс атқаратын жеке компанияларда екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Кейбір ерекше жағдайларда жұмыс тәжірибесі жоқ, бірақ үздік академиялық үлгерімі бар үміткерлердің өтініштері де қарастырылуы мүмкін.