Foundation

Іріктеу конкурсы

Қабылдау емтихандарының қорытындылары бойынша қабылдауға ұсынылатын талапкерлердің тізімі қалыптастыралады. 


Іріктеу конкурсын ұйымдастыру кезінде талапкерлерді қабылдау мына басымдықтағы көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:  

1. NUFYP Entrance Test нәтижесі

2. IELTS нәтижесі. Егер жалпы ұпай бойынша нәтижелері бірдей талапкерлер болса, артықшылық әр секциядағы мына басымдықтағы ең жоғары ұпай жинаған тадапкерге беріледі – жазу, аудару, оқу және сөйлеу.


Қабылдануға ұсынылған талапкерлерге электрондық Хабарлама-хат арқылы мерзімдер мен талаптарды көрсететін Қабылдауға шақыру, Құжаттарды тапсыру нұсқаулығы мен қосымшалар жіберіледі. 

Талапкерлер Университеттің басқа департаменттеріне де қосымша құжаттарды тапсыру тиіс. Сол себептен, талаптарды уақытылай орындау үшін, Хабарлама-хатты мұқият оқыңыз. Барлық құжаттар Университетке қағазды түрде белгіленген мерзімде тапсырылады. 


Шет тілдерінде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариуспен расталған аудармалары тапсырылады. Құжаттар топтамасын уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.  


Конкурсқа қатысу үшін талапкер Қабылдау департаментіне тапсыратын құжаттар топтамасы: 

1) фотосуреті бар толтырылған және қол қойылған аппликациялық нысаны;

2) жеке куәлігінің немесе паспортының не болмаса тууы туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін немесе 16 жасқа толмаған талапкерлер үшін оқу орнынан фотосуреті бар анықтаманың түпнұсқасы;

3) жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының не қосымшасы бар халықаралық бакалавриат дипломының немесе бакалавр не маман дипломы (құжаттарды ұсынған сәтте болған жағдайда) мен қосымшасы;

4) егер талапкер тестілеуден өз бетінше өткен жағдайда, Academic IELTS немесе TOEFL күші бар сертификатының түпнұсқасы;

5) оқуға қабылдауға қол қойылған келісім нысанының түпнұсқасы;

6) кепілдік жарнаны төлеуге қол қойылған келісім нысанының түпнұсқасы;

7) дербес деректерді өңдеуге қол қойылған келісімнің түпнұсқасы.


Шетелдік талапкерлер және азаматтығы жоқ талапкерлер барлық оқу кезеңіне жарамды медициналық сақтандыру полисінің көшірмесін қосымша тапсырады.


Университетке тапсырылған барлық құжаттар қайтарылмайды.