Foundation

Ақылы оқуға түсу

Ақылы оқуға түсу конкурсына келесі талапкерлер қатыса алады:

- ағымдағы жылдың мемлекеттік гранты шеңберінде оқуға түсу конкурсына қатысқан, NUFYP ET және IELTS (TOEFL) емтихандарының нәтижелері ең төменгі талаптарға сай келетін, алайда грантқа түсе алмаған, сонымен бірге резервтік тізімге енгізілген талапкерлер;

- admissions.nu.edu.kz порталында онлайн тіркеуден өткен және IELTS және TOEFL, SAT немесе AСT емтихандарын дербес тапсырып, төменде көрсетілген кестедегі ең төменгі талаптарға сай нәтижелері бар талапкерлер:

Инженерия мектебі, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Ғылым және  технологиялар мектебі, 

Медицина мектебі

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

1)          SAT Reasoning Test  1530  (2016 жылғы наурызға дейін), 1100  ( 2016 жылғы наурыздан бастап). Эссе міндетті болып табылады, – ең төменгі балл белгіленбейді

немесе

ACT with writing part – жалпы балл (composite score) 22-ден кем емес. Бұл ретте, жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді;

 

2)SAT Subject Test – математика  және физика, әр пән бойынша 550;

 

3)IELTS – 6.0  (секциялардың әрқайсысы бойынша кемінде 5.0) немесе  

TOEFL iBT – 60-78 («оқылым» секциясы бойынша 4-7; «тыңдалым» секциясы бойынша 4-6; «сөйлеу бөлімі» секциясы бойынша 14-15; «жазылым» секциясы бойынша 14-17), 

немесе TOEFL PBT*  – 550  -573 («оқылым», «тыңдалым» секциялары бойынша 50; «жазылым» секциясы бойынша 2; «сөйлеу бөлімі» секциясын Қабылдау комиссиясы белгілейді)

1)SAT Reasoning Test  1530  (2016 жылғы наурызға дейін), 1100  (2016 жылғы наурыздан бастап). Эссе міндетті болып табылады, – ең төменгі балл белгіленбейді

немесе

ACT with writing part – жалпы балл (composite score)  22-ден кем емес. Бұл ретте, жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді;

 

2)SAT Subject Test - математика және физика немесе химия және биология, әр пән бойынша 550;

 

3)IELTS 6.0 (секциялардың әрқайсысы бойынша кемінде 5.0) немесе

TOEFL iBT – 60-78 («оқылым» секциясы бойынша 4-7; «тыңдалым» секциясы бойынша 4-6; «сөйлеу бөлімі» секциясы бойынша 14-15; «жазылым» секциясы бойынша 14-17), 

 немесе TOEFL  PBT* - 550 – 573 («оқылым», «тыңдалым» секциялары бойынша 50; «жазылым» секциясы бойынша 2; «сөйлеу бөлімі» секциясын Қабылдау комиссиясы белгілейді)

1) SAT Reasoning Test 1530  (2016 жылғы наурызға дейін), 1100  (2016 жылғы наурыздан бастап). Эссе міндетті болып табылады, – ең төменгі балл белгіленбейді

немесе

ACT with writing part – жалпы балл (composite score) 22-ден кем емес. Бұл ретте, жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді;

 

2) IELTS – 6.0 (секциялардың әрқайсысы бойынша кемінде 6,0) немесе

TOEFL iBT – 60-78 («сөйлеу бөлімі» секциясы бойынша 18-19; «тыңдалым» секциясы бойынша 12-19; «оқылым» секциясы бойынша 13-18; «жазылым» секциясы бойынша 21-23),  

немесе TOEFL PBT* –     550-573 («оқылым» секциясы бойынша 54; «тыңдалым» секциясы бойынша 53; «жазылым» секциясы бойынша 3; «сөйлеу бөлімі» секциясын Қабылдау комиссиясы белгілейді)

*TOEFL PBT тек қана ресми IELTS және TOEFL iBT емтихандары жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады



Іріктеу конкурсы аяқталған соң, қабылдануға ұсынылған талапкерлерге электрондық Хабарлама-хат арқылы мерзімдер мен талаптарды көрсететін Қабылдауға шақыру, Құжаттарды тапсыру нұсқаулығы мен қосымшалар жіберіледі. 

Талапкерлер Университеттің басқа департаменттеріне де қосымша құжаттарды тапсыру тиіс. Сол себептен, талаптарды уақытылай орындау үшін, Хабарлама-хатты мұқият оқыңыз. Барлық құжаттар Университетке қағазды және түрде белгіленген мерзімде жеке басымен тапсырылады. 

Қабылдануға шақыруды қабылдаған жағдайда талапкерлер 30 000 теңге көлеміндегі Кепілдік жарнасын төлеу және Хабарлама-хаттағы белгіленген мерзімде құжаттарды тапсыру тиіс. Кепілдік жарна талапкерге оқу басталғаннан кейін қайтарылады.


Шет тілдерде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариуспен расталған аудармалары тапсырылады. Құжаттар топтамасын уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.  

Ақылы түрде оқуға конкурсқа қатысу үшін талапкер Қабылдау департаментіне тапсыратын құжаттар топтамасы: 
1) фотосуреті бар толтырылған және қол қойылған аппликациялық нысаны;
2) жеке куәлігінің немесе паспортының не болмаса тууы туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін немесе 16 жасқа толмаған талапкерлер үшін оқу орнынан фотосуреті бар анықтаманың түпнұсқасы;
3) жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының не қосымшасы бар халықаралық бакалавриат дипломының немесе бакалавр не маман дипломы (құжаттарды ұсынған сәтте болған жағдайда) мен қосымшасы;
4) егер талапкер тестілеуден өз бетінше өткен жағдайда, Academic IELTS немесе TOEFL күші бар сертификатының түпнұсқасы;
5) оқуға қабылдауға қол қойылған келісім нысанының түпнұсқасы;
6) кепілдік жарнаны төлеуге қол қойылған келісім нысанының түпнұсқасы;
7) дербес деректерді өңдеуге қол қойылған келісімнің түпнұсқасы.

SAT немесе AСT емтихандарының нәтижелері жоғарыда көрсетілген  кестеге сәйкес ең төменгі талаптарға сай талапкерлер мыналарды тапсырулары тиіс:
8) SAT Reasoning Test немесе ACT сертификаттарының қолданыстағы түпнұсқаларын немесе Қабылдау Комиссиясы белгілеген мерзім ішінде кейіннен сертификаттардың тұпнұсқасын қағаз тасығышта ұсына отырып, олардың қағаз бетінде басылған электронды нұсқасын;
9)    Кестеде көрсетілген пәндер бойынша SAT Subject Test сертификатының қолданыстағы түпнұсқасын немесе Қабылдау Комиссиясы белгілеген мерзім ішінде кейіннен сертификаттың тұпнұсқасын қағаз тасығышта ұсына отырып, оның қағаз бетінде басылған электронды нұсқасын ұсынады.

Шетелдік талапкерлер және азаматтығы жоқ талапкерлер барлық оқу кезеңіне жарамды медициналық сақтандыру полисінің көшірмесін қосымша тапсырады.

Назарбаев Университетіне тапсырылған құжаттар қайтарылмайды.