Foundation

Қабылдау емтихандары және талаптар

Іріктеуге келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:

  1. Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары;
  2. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;
  3. Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.

Талапкерлерді іріктеу конкурсы мына кезеңдерден тұрады.

  1. Бірінші кезең  –APTIS тестілеу;
  2. Екінші кезең – NUFYP Entrance Test тестілеу;
  3. Үшінші кезең – IELTS тестілеу;
  4. Төртінші кезең – құжаттарды қарау.

 Егер талапкер қандай да бір кезеңдегі емтиханнан ең төмен өту бағасын алмаса, ол келесі кезеңге өте алмайды.

  1. APTIS – ағылшын тілі деңгейін анықтайтын тест.
  • Оқу, грамматика және сөздік қорын тексеру  
  • Сұрақтар саны - 75
  • Емтихан ұзақтығы - 55 минут
  • Тест нысаны – бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар
  • Ең төмен өту балы  - 37.5
  • Емтихан нәтижесі 7 күннен кейін дайын болады

Белгіленген мерзімге дейін жалпы ұпайы 6.0-ден жоғары IELTS (немесе осы ұпайға сәйкес TOEFL)  сертификаттарын жіберген талапкерлер APTIS емтиханын тапсырудан босатылады.

  1. NUFYP Entrance Test – Назарбаев Университетінде білім алу үшін бейіндік  пәндер бойынша талапкердің академиялық дайындығы деңгейін анықтайтын тест.
  • НУ-дың таңдалған мектебіне сәйкес пәндер бойынша білімі бағаланады:

«Математика» және «Физика» - Инженерия мектебі, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі

«Математика» және «Физика» немесе «Математика» және «Химия/Биология» - Ғылым және технологиялар мектебі; «Математика» және «Ойлау дағдылары» - Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

  • Сұрақтар саны - 60
  • Тестінің  ұзақтығы - 120 минут
  • Тест нысаны - бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар
  • Ең төмен өту балы  – 120, бұл ретте  әрбір пәннен ең төменгі балл - 50. Осылайша  50 балл  + 70  балл = 120  – балл жалпы өту балын алу үшін пәндер бойынша балдардың ең төменгі қосындысы
  • Емтихан нәтижесі 3 аптаның ішінде дайын болады
  1. IELTS – халықаралық стандартталған академиялық ағылшын тілі деңгейін анықтайтын тест
  • Жазу, оқу, түсіну және сөйлеу қабілетін бағалайды 
  • Тестің ұзақтығы - 2 сағат 54 минут
  • Тестің нысаны – жазбаша және ауызша бөлімдерден тұрады
  •  Ең төмен өту бағасы НУ-дың таңдалған мектебіне байланысты болады:

Инженерия мектебі, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі, Ғылым және технологиялар мектебі – жалпы балл 6.0, оның ішінде әр секцияда 5.0 – ден аз болмауы тиіс.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі – жалпы балл 6.0, оның ішінде әр секцияда 6.0 – ден аз болмауы тиіс

Нәтижелер 14 күннен кейін дайын болады

IELTS емтиханын  НУ үшінші қабылдау емтиханы ретінде ұйымдастырады.

Тест тапсырмалары, олардың ережелері мен ұзақтығын тестіні ұйымдастырушылар өзгертуі  мүмкін.

Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде орналастырылады.

Тест алдында бір апта қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.

Емтихан кестемін мына сілтемеден таба аласыз.

Емтихан нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде сақталады және қосымша жеке электрондық поштасына жіберіледі.

Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген.

Назарбаев Университетінің Дайындық бағдарламасына қабылдау емтихандары талапкерлер үшін тегін.