Бакалавриат

Тіркеу кезендері

Назарбаев Университеті мектептерінің біріне бакалавриат бағдарламасына конкурсқа қатысу үшін онлайн сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды тапсыру керек

 

 

Назарбаев Университетінің мектептері

Бакалавриат бағдарламалары

Инженерия мектебі

  • Механикалық және аэроғарыштық инженерия
  • Химиялық инженерия және материалдар технологиясы
  • Құрылыс және экологиялық инженерия
  • Электротехника және компьютерлік инженерия 

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

  • Мұнай-газ ісі
  • Тау-кен ісі
  • Геология

Ғылым және технологиялар мектебі

  • Биологиялық ғылымдар
  • Химия
  • Компьютерлік ғылымдар
  • Математика
  • Физика
  • Робот техникасы  және мехатроника

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

  • Антропология
  • Экономика
  • Тарих
  • Саясаттану және халықаралық қатынастар
  • Әлеуметтану
  • Тілдер, лингвистика және әдебиеттер

Медицина мектебі

  • Мейірбике ісі

 

 




































Оқуға түсу үшін келесі қадамдарды іске асыру қажет:

 

1 қадам.

Жеке кабинет ашу

www.admissions.nu.edu.kz  жеке кабинеттегі “My Application Forms” бөліміндегі онлайн сауалнамаға кіресіз.

2 қадам.

Өтініш нысанасын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу

Аппликациялық нысанды толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз:

1.   Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін.

2.   Қосымшасы бар аттестаттың немесе оқу орнынан ағымдағы/алдын бағалары бар анықтаманың  сканерленген көшірмелері

3.   Дербес деректерді өңдеуге қол қойылған және сканерленген келісім (үлгіге сәйкес)

4.   Уәждеме хат

5.   IELTS немесе TOEFL сертификатының көшірмесі

6.   SAT, ACT және т.б. сертификаттарының көшірмелері. 

3 қадам.

Тіркеу жарнасын төлеу

Тіркеу жарнасын онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді.  ҚР резиденттері үшін тіркеу жарнасы   5000 теңге, ал ҚР резиденттері еместер  үшін 14 000 теңгені құрайды. Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.

Одан арғы қадамдар

Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтінішіңіздің жағдайы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз.

 

 

Егер тіркеу кезінде қандай да бір мәселер орын алса undergraduate_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады.

Сауал жіберген кезде, (ҚР  азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID  нөмірін жазуды ұмытпаңыз.