Докторантура

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ

Онлайн тіркелу өтіп кетті.

IELTS/TOEFL/GRE сертификаттары 2019 ж. 30 сәуіріне дейін қабылданады.  


Үміткерлерге арналған негізгі талаптар:

1. Бірінші немесе екінші жоғары дәрежелі бакалавр деңгейдегі үздік диплом (немесе CumLaude; Magna Cum Laude; and Summa Cum Laude эквиваленті ) немесе тектес мамандықта магистр дәрежесі;

Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.

2. 3 жылдық жұмыс өтілі. 3 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер ЖМСМ Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша жоғары академиялық үлгерімін көрсете білген жағдайда қарастырылады;

3. Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі

Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:  

1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кем дегенде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы; 

2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: 

- ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

4. Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE/GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);

5. Ілеспе-хатта көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

6. Зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесінде көрсетілгендей, тиісті зерттеу пәніне қызығушылық және сәйкес білім болуы қажет.


Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:

1. Толтырылған онлайн сауалнама;

2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);

3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);

4. Бакалавр және магистр (немесе баламалары) дипломдары және олардың қосымшалары; 

Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.

5. Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;

6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін)

Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.

7. Жұмыс өтілін куәландыратын құжат;

8. Түйіндеме;

9. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE/GMAT сертификаты (бар болған жағдайда);

10. Ілеспе-хат; 

11. Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс);

12. Үміткер бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (2000 сөз); 

13. Үміткердің жеке деректерін өңдеуге келісімі.


Маңызды ақпарат:

Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс.


Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.


Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.


Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.


Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.


Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.


Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:

GRE - 6496

TOEFL – 6762

GMAT - H6m-R7-93