Докторантура

Ғылым, инженерия және технология саласындағы философия докторы

Назарбаев Университетінің Инженерия мектебі Қазақстанда және Орталық Азияда инженерлік ғылымдар саласындағы жетекші білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Мектептің мақсаты – химиялық технологиялар, механика, құрылыс және электроника саласындағы практикалық мамандарға күн санап артып отырған сұранысқа сай келетін түлектерді даярлау. Инженерия мектебі Назарбаев Университетінде студенттер саны бойынша ең үлкен мектеп болып табылады. Мектеп Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебімен тығыз қатынаста PhD (Ғылым, инженерия және технология саласындағы философия докторы) бағдарламасын ұсынады.


Онлайн тіркелу 2019 ж. 1 сәуіріне дейін жүзеге асырылады.

IELTS/TOEFL/GRE сертификаттары 2019 ж. 15 сәуіріне дейін қабылданады.  


Үміткерлерге арналған негізгі талаптар:

1. Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже);

2. Магистр немесе оған балама дәрежесі

Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.

3. Жақсы академиялық көрсеткіштер

Магистр (немесе оған балама) дәрежесі бойынша бәсекеге қабілетті CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші);

4. Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі

Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:  

1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: 

- ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

5. Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (ұсынылады);

6. Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

7. Зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесінде көрсетілгендей, тиісті зерттеу пәніне қызығушылық және сәйкес білімі;

8. Түйіндеме;

9. Екі ұсыным-хат болуы қажет.


Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:

1. Толтырылған онлайн сауалнама;

2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);

3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);

4. Бакалавр және магистр (немесе баламалары) дипломдары және олардың қосымшалары; 

Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.

5. Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты;

6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін)

Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет. 

7. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);

8. Үміткердің алдыңғы білімі, бағдарламаға жеке мүдделілігі, кәсіби дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары және бұл бағдарлама оған алдына қойған мақсаттарына жетуіне қалай көмектесе алатынынын сипаттайтын негіздеме хат (500 сөз); 

9. Соңғы екі жыл ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс);

10. Түйіндеме (1 беттен аспайтын);

11. Үміткер бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі; 

12. Үміткердің жеке деректерін өңдеуге келісімі.


Маңызды ақпарат:

Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс.


Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.


Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.


Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.


Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.


Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.


Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:

GRE - 6496

TOEFL – 6762