Докторантура

Жоғары білім беру мектебінің Ph.D. бағдарламасына өтініштерді қабылдау

Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің бағдарламалары өте іріктемелі және соған сәйкес арыз берудің конкурстық ережелері бар. Ph.D бағдарламасына түсу үшін үміткердің ағылшын академиялық ортасында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі және зерттеу саласына сәйкес магистр дәрежесі болуы керек.


Ph.D. in Education бағдарламасына түсу талаптары


Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2018 жылғы 15 мамырға дейін (23:59 Астана уақытымен)

IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсыру мерзімі:  2018 жылғы 8 маусымға дейін


Үміткерлер, белгіленген оқуға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, ағылшын тілінде немесе ағылшын тіліне аударылып, нотариалды куәландырылған, мынадай құжаттарды ұсынулары тиіс: 

1) Толтырылған сауалнама;

2) Үміткердің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

3) Бакалавр және магистр (немесе оған баламалы) дипломдары (күндізгі оқу нысаны) және қосымшаларының/транскриптерінің ресми көшірмелері. Соңғы CGPA кем дегенде 4.00-ден 2.75 кем емес болуы қажет. Оқуының соңғы жылындағы және дипломдарын алмаған үміткерлер толық оқу мерзімін қамтитын ресми транскрипт өткізуі мүмкін және дипломдарын алғаннан кейін қосымшасымен бірге ресми көшірмесін тапсыруы керек;

4) Ағылшын тілін білу деңгейін растайтын, бағдарламаға құжаттарды тапсыру сәтіне жарамды ресми сертификатының түп нұсқалары (IELTS немесе TOEFL). Талап етілетін ең төменгі IELTS жалпы балы – 7.0 (әр модуль бойынша 6.0 балдан кем емес) немесе TOEFL балама нәтижесі.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін ұйымдарда жоғары білім алған үміткерлер ағылшын тілі тестілерін ұсынудан босатылуы мүмкін;

5) Ресми GRE немесе GMAT сертификаты (бар болған жағдайда);

6) Үміткердің бағдарламаға оқуға түсуіне түрткі болған себептер, үміткердің ұзақ мерзімді мансаптық мақсаттары туралы және аталған бағдарлама оған сол мақсаттарына жетуге қалай көмектесе алатыны туралы эссе;

7) Үміткердің Жоғары білім беру мектебінде әрі қарай жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбының даму тарихын, мақсатын, әдісі мен маңыздылығын сипаттайтын болжалды ғылыми негіздемесі;

8) Үміткерді кәсіби тұрғыдан алғанда сипаттау мүмкіндігі бар және оның жетістіктерімен әрі даму жоспарларымен таныс тұлғалардан үш ұсыным хат.


Ескерту: Үміткер конкурстың келесі кезеңіне өткен жағдайда, жеке куәлігінің немесе паспортының, дипломдарының және қосымшаларының нотариалды куәландырылған көшірмелерін және қалған құжаттардың түпнұсқаларын тапсыруы қажет.

Дипломдарды/сертификаттарды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткерлер ресми транскрипттерді тікелей келесі мекен жайға  жіберу туралы сауалды тиісті оқу орнына жөнелтулері тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.


Толық құжаттар тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.


Бағдарлама туралы ақпарат