Магистратура / Резидентура

Мектеп ұсынатын педиатрия, акушерлік және гинекология, отбасы медицинасы, жалпы хирургия, терапия бойынша резидентура бағдарламалары

Онлайн тіркелу 2019 жылғы 31 мамырға дейін жүзеге асырылады. IELTS/TOEFL/IFOM/USMLE сертификаттары 2019 ж. 14 маусымға дейін қабылданады (онлайн тіркелу мерзімінен кейін алынған сертификаттарды admissions.nusom@nu.edu.kz электрондық мекен-жайға жіберуіңіз қажет).

Үміткерлерге арналған негізгі талаптар:

1.Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған Медицина Докторы дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркеу немесе сертфикаттау құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі)

Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.

2.Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі

Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:  

1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: 

- ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;

- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина

докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;

3.Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар)

(IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;

4.Негіздеме-хатта көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық болуы қажет.

5.Екі ұсыным хат.

 

Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:

1.Толтырылған онлайн сауалнама;

2.Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);

3.Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);

4.Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама және оның қосымшасы; 

Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.

5.Құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаттары;

6.Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін)

Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.

7.Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар)

(IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;

8.Негіздеме-хат (500 сөзге дейiн); 

9.Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс);

10.0-86у медициналық анықтамасы (ҚР азаматтары үшін) (қазақ немесе орыс тілдерінде) немесе денсаулық жайын дәлелдейтін медициналық анықтаманың басқа түрі (шетел азаматтары үшін); 

11.Сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;

12.Үміткердің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

 

Маңызды ақпарат:

Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс. IELTS/TOEFL/IFOM/USMLE сертификатын онлайн тіркелудің соңғы мерзімінен кейін жоғарыда көрсетілген электрондық мекен-жай арқылы жіберуге болады. 

Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.

Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.

Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.

Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.

Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.

Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады:

TOEFL – 6762

◄ Go back